Зілдей ауыр

lat: Zildeı aýyr

Зіл батпан, өте ауыр. Батты балқып дала мұңға, Бір кездегі өз сырласы. Көздердің тұр жанарында, З і л д е й  а у ы р мезгіл жасы (С.Мәуленов, Алыс кетістік). Әрі з і л д е й  а у ы р, зор ғимарат, іргесінен айырылған соң шөгіп жерге кірмеске, қиқаймасқа бола ма? Архитекторлардың шамалауы, мешіт бір метрге төмен (3/4) шөккен (Ж.Аймауытов, Шығ.).